Орталық Азия күрделі кезеңге дайын ба?
Әлем бұрын-соңды болмаған күрделі геосаяси өзгерістердің алдында тұр.
Сол себепті тараптармен тікелей әрі ашық диалог орнату маңызды. Елордада осы мақсатта Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды. Онда жиналған қауым кең ауқымды дағдарыстардың Азия елдері үшін қандай мүмкіндік ұсынатынын талқылайды. Форумның ашылуына орай арнайы хат жолдаған Мемлекет басшысы осынау күрделі шақта белді сараптамалық орталықтар және ғылыми-зерттеу иституттары шешуші рөлге ие екенін атап өтті. Сондай-ақ бар күш-жігерді қауіпсіз, әділ әлем құру үшін сындарлы идеялар табуға бағыттау керектігін алға тартты.
Нарушиге Мичишита, Жапония саяси зерттеулер ұлттық институтының вице-президенті:
- Орталық Азиядағы жағдай тыныш. Сол себепті Жапон үкіметі экономикалық байланысты дамытып, бірге жұмыс істеуге ниет білдіріп отыр. Студенттеріміздің көбі шетелде оқиды. Қазақстанда мамандық игеріп жатқандары да бар. Демек, Орталық Азия және Шығыс Азиямен байланысты нығайту біз үшін маңызды.