Мықты заң қауіпсіз қоғам құрудың жолы – Депутат

«Біздің қоғам үлкенге де, кішіге де қауіпсіз болуы тиіс.

Ал қауіпсіз қоғам құрудың жолы – мықты Заң» дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова.

Күні кеше Президент қол қойған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға енгізілген өзгерістер әрбір азаматтың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Ал «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң тікелей ел азаматтарының өтініш-тілегін орындау мақсатында қабылданды. Активтерді қайтару жұмыстарын Бас прокуратура жүзеге асырады. Сонымен қатар қайтқан қаржыны әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағыттау жолында Қаржы министрлігіне қосымша міндеттер жүктеледі.

Жұлдыз Сүлейменова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұған дейін кеткен қаражатты қарастыру, оны есептеу барлығы Ұлттық банктің құзыретінде болған. Қазір енді бұл мәселеге Қаржы министрлігін де қосып жатыр. өйткені Заңның жалпы новелласында мынау кеткен қаражат қайтқаннан кейіноған әлеуметтік нысандар, әлеуметтік аз котегориядағы азаматтардың сапасын жақсартуға байланысты мәселе қолға алынады.