Павлодар облысында билік пен бұқараны жақындатудың әдісі енгізілді
Павлодар облысында билік пен бұқараны жақындатудың жаңа әдісі енгізілді.
Майтүбек ауылының әкімдігі «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсетуге көшті. Жергілікті әкімдік заманауи ақпарат және коммуникация орталығына айналуды көздейді. Енді халық қала орталығына сабылмай, бір ғимаратта бірнеше маманның кеңесін алады.
Майтүбек ауылының әкімдігі халыққа қызмет көрсету жұмысын түбегейлі өзгертті. Енді тұрғындар аудан орталығына сабылмай, бір ғимаратта бірнеше маманның кеңесін алады.
Әлібек Айдаров, Майтүбек ауылының әкімі:
- Коммуникация орталығында учаскелік инспектор, мал дәрігері бөлек кабинетте отырады. Коворкинг, кітапхана жұмыс істейді. Тұрғындар кез келген уақытта келіп, сауалдарын қоя алады. Кешкі уақытта ақсақалдар жиналып, кеңес өткізе алады.
Бұл орталық жылдамдығы жоғары интернеттің арқасында пайда болды. Ғимаратта тұрғындарды мазалаған мәселелер шешіледі. Басты мақсат – халық пен биліктің арасын жақындату.
Елена Гомонюк, кітапханашы:
- Орталықта сапалы интернет пен соңғы үлгідегі компьютерлер бар. Ең бастысы, әкімдік халықтың айтқанын босқа қалдырмайды. Бұл жерге кез келген мәселе бойынша келе аламыз.
Ендігі міндет демографиялық ахуалды жақсарту, өзге өңірлерден жұмыс күшін тарту. Ауылда бос тұрған тұрғын үйлер көп. Алдағы уақытта баспаналар жөнделіп, оңтүстік облыстардан көшіп келетіндерге беру жоспары бар.
Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Жеңіс Темірболат