KazAID даму агенттігі АҚШ тәжірибесінің озық бағыттарын енгізуді көздейді
Қазақстандық халықаралық даму агенттігі АҚШ-тың тәжірибесін жан-жақты зерттеп, озық бағыттарын енгізуге тырысып жатыр.
Бұл туралы біздің Вашингтондағы тілшімізге сұхбат берген, агенттіктің басқармаса төрағасы Аркен Арыс-танов айтты. Оның айтуынша соңғы бес жылда Қазақстан рекордтық көлемде инвестиция тартты. Бұл елдегі іскерлік ахуал, өзге мемлекеттерге үлгі болатынын аңғартады. Дегенмен агенттік, өзіміз ғана емес, көрші мемлекеттердің де қатарласа дамуына қол ұшын беруді көздеп отыр. Сол үшін арнайы қабылданған үш жылдық стратегиялық жоспары бар. Көршілерді дамытуға бағытталған бағдарлама бойынша олар Қазақстанға келіп, түрлі семинарға, конференцияға қатысып, тәжірибе алып, өз елінде, жүзеге асырады. Ұйымның басты миссиясы, Орталық Азиядағы таза су, сани-тария, трансшекаралық сауда сияқты, маңызды мәселелерді шешу үшін, барлық мүдделі тараптың күш-жігерін үйлестіру. Агенттік басшысы Вашингтонға сапары барысында АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің жұмысымен танысып, тәжірибе алмасқан. Озық үлгілерін, өзімізге аламыз дейді.
Аркен Арыстанов, «KazAid» Халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы:
«Осы сапар барысында біз америкалық агенттіктің өз қызметін қалай жүргізіп, бюджетін қалай жоспарлайтынын сұрап-білдік, жан-жақты зерттедік. Агенттіктің құрылымы қандай және біздің еліміз үшін, әсіресе біздің агенттіктің дамуы үшін қызықты әрі пайдалы нені алуға болады, соны білдік. Мәселен, әлеуметтік жобаны жүзеге асырудың тиімділігін қалай бағалайтыны қызықтырды. Осындай пайдалы тәжірибелерді біз өзімізге енгіземіз».