«Respublica» партиясының кезектен тыс үшінші съезі өтті
Саяси ұйым мүшелері соңғы үш айда атқарылған жұмыс нәтижелерін баяндады.
Мәжілістегі партия өкілдері үш заң жобасына бастамашы болып, түрлі бағыттағы заңдарға 195-ден астам түзету енгізді. Қазір «республикалықтар» экономика және әлеуметтік саладағы маңызды бірқатар мәселе қозғап келеді. Сонымен бірге делегаттар өңірлермен байланысты нығайтып, партияның жастар корпусын құруды жоспарлайды.
Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біздің басты тапсырмамыз – осы өңірлерде болып жатқан халықтың жан-айқайын арқалап алып келіңдер деп айтылған біздің бүкіл делегаттарға. Әрқайсының айтатыны бар, әрқайсының көтеретін сұрақтары бар. Соңдықтан, қазір біз барлығын тыңдап, осы сұрақтардың барлығын шоғырланып, осының барлығын Мәжіліс мінберінен еститін боласыздар. Ең бастысы – өңірлерде болып жатқан мәселелерді көтеру және оларды бүкіл республикалық деңгейде шешу.
Махамбет Амангелдіұлы, "Respublica" партиясының мүшесі:
- Негізгі мәселе – кез келген сұрақ туады, бірақ сол сұрақтың қай деңгейде шешеміз, соны бірінші анықтауымыз керек. Кез келген сұрақ, ол облыстық мәслихат деңгейінде шешілу мүмкін немесе Мәжіліс деңгейінде шешілу мүмкін. Сол себепті біз Мәжіліс пен мәслихат арасында көпір дейміз ба, соны жақындатып, тура қарым-қатынас жасап, адамдардың қордаланған мәселелерінің шешуінің жаңа жолдарын іздеп жатырмыз.