«Ауыл аманаты» бағдарламасына қалалар енуі мүмкін
«Ауыл аманаты» бағдарламасына қалалар да енуі мүмкін.
Солтүстік өңірлердің шаруалары «Аманат» партиясына осындай өтінішпен жүгінді. Бүгін саяси ұйым кеңсесінде ауыл шаруашылығындағы мәселелер талқыланды. Шаруалар GOSAGRO.KZ цифрлық платформасында мәліметтер базасы жоқ деп шағымданды. Бизнес өкілдері субсидия алу үшін ақпаратты қолмен енгізуі керек. Жиында киіктерден келген шығын да қаралды. Қазірдің өзінде 5 мың гектардан астам егіс алқабын киік таптаған.
Эльдар Жұмағазиев, "Amanat" партиясының хатшысы:
- Тағы мәселе - бұл мал бордақылау алаңдарына қатысты. 1000-нан астам малы бар мал бордақылау алаңдарына ет тапсырсаң, онда 1 кг үшін 200 теңгеден субсидия беріледі қазір. Енді фермерлердің сұрап отырғаны біздің ондай бордақылау алаңдарына мал жеткізуіміз қиындау болып тұр дейді. Транспорт мәселесі бар. Сондықтан бұл талаптарды түсірсеңіздер дейді. 200, 500 басы бар фермерге тапсыра беруге өтініш сұрайды.