Қ. Тоқаев қыркүйектегі Жолдауда елдің экономикалық саясаты туралы көқарасын баяндайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте жарияланатын Жолдауда елдің экономикалық саясаты туралы көзқарасын баяндауды жоспарлап отыр.
Президенттің айтуынша, Қазақстан жаңа экономикалық модельге көшуі керек. Ал Үкімет тиісті ұсыныстар айтып, соған сәйкес дайындалатын жоспарларды іске асыруға міндетті. Жауапты кезеңге экономистер де сақадай сай болуы қажет. Олардың қазіргі қызметі, көңіл көншітпейді. Десе де, қалың қараша, нақты шешімдерді күтіп отыр. Сол үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы экономика серпілісі үшін, жұдырықтай жұмылу керектігін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Жақында Жоғары экономикалық кеңестің отырысын өткіздім. Сол жиында отандық экономистерді сынға алдым. Менің ойымша, олар істі соңына дейін жеткізе алмайды. Креативтілік жоқ. Біздің және жалпы мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді түсінбейді. Халық бізден нақты шешімдер күтеді. Біз еліміздің экономикалық дамуына тың серпін беруге бағытталған осы өте маңызды жұмысқа бірге кірісуіміз керек.