Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қыдырәліні қабылдады

Отандық телесериалдар өндірісінің көлемі ұлғайтылып, оларды шетелге тарату жұмысы да қарқын алады.

Бұл жөнінде бүгін президент қабылдауында болған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі баяндады. Тағы ведомство жетекшісі мемлекет басшысына министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сондай-ақ жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтып берді. Дархан Қыдырәлі халықтың медиа сауаттылығын арттыруға, азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты жандандыруға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді. Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлік азаматтық қоғам институттарымен барлық деңгейдегі байланысты күшейтіп, әр саладағы өзекті мәселелерді қоғаммен кең көлемде талқылауға ашық болуы қажет екенін атап өтті.Тағы жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды, діни бірлестіктер мен этносаралық қарым-қатынас бағытын айрықша назарда ұстауды тапсырды.