Астанада депутаттар мен зиялы қауым Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Абай Құнанбайұлының туған күні, ұлттық рухани мереке.

Айтулы датаға орай, Астанада депутаттар мен зиялы қауым өкілдері, ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шараға қатысушылар дана тұлғаның жазбаларында айтылған идеяларды, қазіргі қоғам бей-несімен саралап, пікір алмасты. Ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, данышпанның туындылары дәріптелді. 

Тұрсын Жұртбай, абайтанушы:

- Сол ұлы тұлғалар арқылы, оның айтқан ой-пікірлерін бүгінгі күнмен байланысын саралау арқылы жүрегімізге түйеміз. Абай айтады: беріп отырсың жақын да, жат та ырқыңа көнеді. Алыс-беріске құрылған достық одақ берекелі дейді. Тура осы сөз қазақтың бүгінгі ішкі саясаты мен экономикалық саясатына сай келеді.