Елге Еуропарламент депутаттары келеді
21-23 тамыз аралығында Еуропалық парламент Сыртқы істер комитетінің төрағасы Дэвид Макалистер бастаған депутаттар делегациясы біздің елге келеді.
Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы әріптестік мәселелері талқыланады. Тараптар визалық режимді жеңілдету, Қазақстанды санкциялардың теріс әсерінен қорғау, көлік қатынастарын дамыту, шикізат саласындағы ынтымақтастық жайын да қарастырмақ. Еуропарламент өкілдерінің сапары аясында өзара іс-қимылдың 29 саласы қамтылады деген жоспар бар.