Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент Қазақстан мен Үндістанды ұзақ жылдарғы стратегиялық қарым-қатынас байланыстыратынын атап өтіп, екі елдің мүддесі үшін жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді.