Тоқаев Путинге көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Махачкаладағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыстан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
«Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.