Әлихан Смайылов шахтадағы өрт жөнінен кеңес өткізді
Премьер-министр «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының «Қазақстан» шахтасында болған өрт бойынша кеңес өткізді.
Үкімет басшысы алдымен оқиға салдарынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Кеңесте Қарағанды облысының әкімі конвейер таспасының тұтануы бойынша ақпарат берді. Ермағанбет Бөлекбаевтың айтуынша, температураның жоғары болуы мен шахтаны түтін басуына байланысты өрт кеніштің басқа жағынан сөндіріліп жатыр. Үкімет басшысы апаттың себебін жан-жақты тексеруді тапсырды. Ал зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсетіледі. Әлихан Смайылов тиісті шешімдер қабылдау үшін Төтенше жағдай мен Экология және табиғи ресурстар министрліктеріне "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында жүргізіліп жатқан өнеркәсіптік және экологиялық аудиттерді жедел аяқтау міндетін қойды.