Тоқаев Petrovietnam компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Petrovietnam компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хоанг Куок Выонгты да қабылдады.
Кездесу барысында энергетика және мұнай-газ химиясы салаларындағы ынтымақтастық жайы талқыланды. Мемлекет басшысы осы бағытта елімізде жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсыну мүмкіндіктері бар екеніне назар аударды. Өз кезегінде Хоанг Куок Выонг қазақ басшысына компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы баяндады. Айта кету керек, Petrovietnam – Оңтүстік Шығыс Азияның мұнай-газ өнеркәсібіндегі басты ойыншылардың бірі. Активтерінің жалпы құны 40 милллиард долларға бағаланады.