Президент SOVICO Group басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Вьетнамға жасаған ресми сапары барысында SOVICO Group басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгты қабылдады.
Кездесуде энергетика және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі екеніне назар аударды. Өз кезегінде Нгуен Тхань Хунг компанияның Қазақстан аумағында сауда-логистикалық орталығын ашуға ниеті барын айтты. Бұдан бөлек SOVICO компаниялар тобына кіретін лоукостер Қазақстанмен арадағы әуе қатынастарының санын арттыруды жоспарлап отыр.