Қ.Тоқаев Вьетнам премьер-министрімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесті.
Жиында Мемлекет басшысы бүгін президент Во Ванг Тхыонгпен нәтижелі келіссөз жүргізгенін және оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланғанын атап өтті. Тағы қазақ басшысы бүгін қол қойылған Сауда-экономикалық әріптестікті жедел дамыту жөніндегі үкіметаралық бірлескен іс-қимылдар жоспары маңызды салалар бойынша екі елдің өзара байланыстарын жандандыруға ықпал ететін негізгі құжат болатынына сенім білдірді. Ал Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чинь Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары қос мемлекеттің екіжақты ынтымақтастығына тың серпін беретінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бүгін таңертең президент Во Ван Тхыонгпен өте нәтижелі келіссөз жүргіздім. Біз көптеген саладағы қарым-қатынастарымыз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға ықпал ететін өте маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Сондай-ақ Вьетнам кәсіпкерлерімен кездесу өткіздім. Олардың Қазақстан нарығындағы қызметін қолдауға дайынмын. Біз елімізде вьетнамдық бизнестің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне шын мәнінде мүдделі болғандықтан көмек көрсетеміз.
Фам Минь Чинь, Вьетнам Социалистік Республикасының премьер-министрі:
- Екі тарап қол қойған құжаттар мен келісімдер келешекте ынтымақтастығымызға берік негіз болады. Сізбен Қазақстан мен Вьетнамның саясат, дипломатия, инвестиция және сауда салаларындағы қарым-қатынасын одан әрі дамытып, тереңдету жолдарын талқылауға мүдделіміз.