Президент Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысымен кездесті

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен де кездесті.

Әңгіме барысында екі ел қарым-қатынасының күн тәртібіндегі өзекті мәселелері қаралды. Президент өз сөзінде «қазақ халқы вьетнам халқына, елдің жетістіктеріне зор құрметпен қарайды. Және сапарымның негізгі мақсаттарының бірі экономикалық қатынастарға тың серпін беру», - деді. Нгуен Фу Чонг Қазақстан мен Вьетнам арасында берік достық байланыс орнағанын атап өтті. Сондай-ақ, ары қарай ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.