Қазақстан Дүниежүзілік банкпен ынтымағын арттырады
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен келіссөз жүргізді.
Қос тарап республиканың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға, Арал теңізінің экологиялық жағдайын жақсартуға, цифрландыруды жеделдетуге бағытталған перспективалы жобаларды егжей-тегжейлі талқылады. Премьер-Министрдің айтуынша, Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған Әріптестік туралы негіздемелік стратегия аясында Дүниежүзілік банкпен өзара іс-қимылға үлкен мән береді. Жаңа жобаларды іске асыруға Дүниежүзілік банк те мүдделі. Татьяна Проскурякова ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігі зор екенін айтты.