Мемлекет басшысы БРИКС саммитіне қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады.

Ресми жиын 24 тамыз күні Йоханнесбургте өтеді деп хабарлайды Ақорданың телеграм каналы. Мемлекет басшысы халықаралық самит аясында өтетін «БРИКС плюс» диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қосылады. Ел президенті жиында Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.