Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті.

Кездесуге қатысушылар Президенттің жастарды қолдауға бағыттаған бастамаларын іске асыру жайын талқылады. Жиында өзекті мәселелер де қаралды.

Кеңесте жастарға қатысты бірқатар маңызды сұрақ көтерілді. Оның ішінде жұмыспен қамту, кадр тапшылығы секілді өзекті мәселелер бар. Бұл әсіресе солтүстік аймақтарда байқалатын жағдай.

Бұдан басқа кеңес алаңында бұрын көтерілген мәселелер қаралды: заңсыз ойын бизнесіне және қазақстандық жастар арасындағы лудоманияның белең алуына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру. Бұл мәселелердің өзектілігін Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың маусым айында ұлттық құрылтайдың екінші отырысында атап өтті.

Басқосуға министрліктердің, облыстық ведомстволардың өкілдері, жергілікті үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты. Жиын барысында мемлекеттік органдарға жастар саласындағы қолданыстағы институционалдық базаны жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Мектептерде ерте кәсіптік бағдар беру жұмысының болмауы, ішкі еңбек көші - қонының ұлғаюы, жастарды дамыту үшін қоғамдық кеңістіктердің жетіспеушілігі осы мәселелердің барлығы кешенді шешуді талап етеді, деп атап өтті Еран Қарин. Көшпелі кеңес мүшелері Аризона университетімен ынтымақтастық орнатқан аймақтағы жетекші жоғары оқу орнын аралады. Осының арқасында еліміздің басқа қалаларынан студенттер ағыны артты. Диплом алғаннан кейін көптеген түлектер ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барады. Мысалы, Новоникольское ауылында Кеңес мүшелері халықтың өмір сүруі үшін жасалған жағдаймен танысты. Мұнда тұрғындардың үштен бірі - 35 жасқа дейінгі жастар және олардың жайлы өмір сүруі үшін қажеттінің бәрі бар. 

Олжас Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі:

- Жалпы жастарымызды ауылға тартамыз десек, егер де оларға жақсы қолайлы жағдай жасаймыз десе, ол әрине, ең бірінші инфроқұрылымды дамытып, жақсы бір жұмыс орындарын жұмыс істеуге соның бәрін ыңғайластыру керек. Қазіргі кезде біз сол ауылды танысып көрісіп жатқанымыз да себебі сол. 

Ерлан Карин кеңестің жастар саласындағы президенттік реформаларды іске асыру бойынша практикалық қадамдар әзірленетін маңызды қоғамдық алаңға айналғанын атап өтті. Мемлекеттік кеңесші кеңес мүшелері мен өңір жастарын қазақстандық жастардың өзекті мәселелерін тиімді шешу жұмысына белсенді қатысуды жалғастыруға шақырды.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков