Президент Қайрат Сарыбайды қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Бас хатшысын қабылдады.
Қайрат Сарыбай кеңестің қазіргі қызметіне тоқталып, алдағы даму жоспарын таныстырды. Былтыр Астанада өткен ұйымның 6-шы саммитінде қабылданған мәлімдеменің негізгі бағыттарының орындалуы барысы жайында айтты. Сондай-ақ, Бас хатшы форумның тұрақты институттарының жұмысы, қаржылық серіктестік, экология салаларындағы бастамалары жөнінде де баяндады. Бұл ретте Мемлекет басшысы ұйымның мақсаттары мен міндеттерін, Астана саммитінде көтерілген бастамаларды іске асыру маңызды екенін атап өтті.