Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуеті артып келеді
Ортақ күш-жігердің арқасында Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуеті кеңейіп келеді.
Бұл – еуразиялық интеграция тиімділігінің дәлелі. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Арменияның Цахкадзор қаласында өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысында айтты.
Жиында одақтағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар талқыланды. Өз сөзінде Премьер-Министр жақында одақтың құрылғанына он жыл толатынын еске салды. Осы уақыт ішінде құқықтық базаны, сыртқы сауда-саттықты реттеудің бірыңғай режимдерін қалыптастыру және кедергісіз ішкі сауда-саттықты құру бойынша күрделі жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, Әлихан Смайылов Одақты құру кезінде қойылған мақсаттар мен міндеттерді мүлтіксіз орындау қажеттігін атап өтті. Халық интеграцияның нақты пайдасын сезінуге тиіс.