Конституциялық реформа парламент мәртебесін көтерді
Конституциялық реформа Парламенттің ролі мен мәртебесін көтерді.
Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов осылай деді. Бүгін елордада өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда мамандар Ата Заңға енген өзгерістерді бағалады. Алқалы жиынға парламент депутаттары, конституциялық Кеңестің бұрынғы мүшелері, Жоғарғы Сот және Бас прокуратураның өкілдері қатысты. Сондай-ақ әлем елдерінің конституциялық құқығын зерттеумен айналысатын шетелдік ғалымдар да пікірлерін ортаға салды. Олардың айтуынша, аз ғана уақытта реформа өз нәтижесін бере бастады. Еліміздің негізгі Заңының үштен бірі дерлік жаңартылды.
Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Конституциялық реформа парламенттің құзіретін өзгертті. Халық жердің иесі деген көзқарасты да өзгертті енді иесі болғандықтан сұрайды ғой. Біздің жер қайда неге беріп жатырсың, жер үстіндегі олигархтар салған бәрін көреді ғой. Заңсыз активтерді қайтаруға арналған заң осыдан шығып жатыр. Көзқарас басқалай болды.