Қазақстан ҰҚШҰ жаттығуына техника апармайды - министр
Қазақстандық әскерилер Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Беларусьтегі бірлескен оқу-жаттығуларына қатысады.
Бірақ біздің елден техника жіберілмейді.
Бұл туралы Үкімет отырысында Қорғаныс министрі хабарлады.
Руслан Жақсылықовтың айтуынша, жоспарланған жаттығулардың орны алдын-ала таңдалған. Украина шекарасына жақын болу маңызды емес. Министр оқу-жаттығу аясында бірлескен сабақтар мен тренингтер жоспарланып отырғанын атап өтті.
Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:
- Ғаламторда тараған хабарламалар жалған. Қазақстан ешқандай брондалған техника жібермейді. Бүгінде барлық техника тұрақты орнында тұр. Тек 11 адамнан тұратын жедел топ жіберілді. Бұл басқару органдарының жұмысы.