Еуроодақ өкілдері Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

Біздің мемлекеттің ең басты құндылықтары адам мен оның өмірі, оның құқығы мен бостандығы.

Бұл азақстан Конституциясындағы мызғымас қағиданың бірі. Барлық мемлекеттердегідей Ата заңсыз қоғамдық өмірді елестету мүмкін емес. Басты құжат елдің дамуына жағдай жасап, тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Европалық одақтың өкілдері біздің Конституцияда көрсетілген унитарлық қағидасын ерекше атап өтті. Мереке қарсаңында шетелдік дипломаттар қазақстандықтарға жылы лебіздерін жеткізді.      

Кестутис Янкаускас, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі:

- Конституция күні - Қазақстандағы маңызды мерекелердің бірі. Мен барлық қазақстандықтарды шын жүректен осы айтулы күнмен құттықтаймын. Ең бірінші бабы- Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары,-деп басталады. Бұл өте маңызды. Оны бағалау керек. Бұл қағиданы күн сайын өмірде қолдануға тырысу қажет. Европалық одақ Қазақстанның серіктесі. Біз де осы құндылықтарды бағалаймыз. Ынтымақтастықты күшейтіп, тәуелсіздікті нығайту жолында көмектесуге әзірміз. 

Терхи Хаккала, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі:

- Әуелі Қазақстан азаматтарын Конституция күнімен құттықтаймын. Бұл маңызды күн. Сіздерде президент Тоқаев жариялаған реформалар бар. Мен Конституцияларыңызда көрсетілген әділеттік рухы салтанат құрып, барлық реформалар жүзеге асады деп үміттенемін. Әрине адамдардың құқын құрметтеу сіздердің азаматтардың бостандықтарының ең биік шыңы саналады. Қазақстан ұзақ жолды жүріп өтті. Европалық Одақ Қазақстанның ұзақ мерзімді серіктесі. Біз президенттің барлық бастамаларын қолдаймыз және сіздермен бірге боламыз деп үміттенеміз.