Кореяның Қазақстандағы бұрынғы елшісі еліміздің ядролық саясатына қатысты пікір білдірді
Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы өзге мемлекеттерге үлгі.
Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ким Дэ Сик осылай деді. Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім бүкіл әлемде қауіпсіздік пен қаруды қысқартуға бағытталды. Дипломат сондай-ақ егер Солтүстік корея ядролық қарудан бас тартса Корей түбегіндегі жағдай тұрақталар еді деген үмітін де жасырмады.
Ким Дэ Сик, Корея Республикасының Қазақстандағы бұрынғы елшісі:
- Еуразиядағы жағдайды көріп, кейбіреулер аймақтағы мемлекеттер ядролық қарудан бас тартпаса, соғыс болмас па еді дейді. Бірақ ядролық қарудан бас тартқан Қазақстанда қазір жағдай қауіпсіз және ол көршілерімен жақсы қарым-қатынаста. Расында мен Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуын бейбітшілік үшін жасалған үлкен әрі дұрыс шешім деп бағалаймын. Ал Солтүстік Корея Қазақстаннан үлгі алып, ядролық қарудан бас тартуы керек деп есептейміз.