Бейбітшілікті ту еткен ел

Ядролық қаруды қолдануға қарсылық танытып, бейбіт жолды таңдаған Қазақстан тарихта үлкен із қалдырды.

Испан ғалымы Хосе Солера Гаррига осындай пікірде. Қазақ елі әлемдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға негіз болар бірегей шешім қабылдап, атом бомбасын таратпау туралы шартқа қосылды. Қазір бұл күн халықаралық маңызға ие болды. 

Хосе Солера Гаррига, ғалым:

- Ядролық қауіп­сіздікті қам­тамасыз ету­де­гі еліңіздің елеулі үлесі Еуропаға ғана емес, əлем­дік қауым­дас­тыққа үлгі болып қала бермек. Қазақстан бейбіт бо­лашақ пен ядролық қарусыз əлемді құ­ру жолын таңдады. Осындай күрделі кезеңде Қазақстанның мұндай батыл қадамы бізге де ой салуы тиіс. Қазір адамзат өз дамуының ең бір қауіпті кезеңіне аяқ басты.