Астанаға өзге өңірлерден келуге шектеу жоқ
Астанаға азаматтардың келуіне ешқандай шектеу жоқ.
Шектеу тек қаланың бас жоспарына байланысты болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осылай деді. Осылайша министр Үкіметтегі мәлімдемесінде сұрақты дұрыс түсінбей қалғанын айтты. Министрдің айтуынша, адам тұруға арналмаған ғимаратты жалға бергендерге шектеу қойылады. Ондай нысанды жалға берген адамның жауапкершілігі күшейтіледі. Атап айтқанда, айыппұл мөлшерін 15 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін көтеру жоспарланып отыр.
Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Қазір заңда ешқандай шектеу жоқ. Шектеу тек ғана тұруға арналмаған жерлерде, екіншіден жалға берілетін үй алатын үй болсын 18 кв кем болмауы керек. Кім тұратын болса да заң аясында тіркеуге тұруы керек.