Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы – бүкіл әлемге үлгі боларлық іс

Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы көпке үлгі.

Анкара дағдарыс және саясатты зерттеу орталығының қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі доктор Шафак Оғуз осылай дейді. Түрік маманының айтуынша, қазіргі ушыққан геосяси шиленістер атомның қаншалықты қауіпті екенін көрсетіп отыр. Ал Қазақстан бейбіт жолды таңдады. Бұл елдің дамуы мен инвестор тартуда тарихи шешімнің дұрыстығын дәлелдеді.

Шафак Оғуз, "Анкасам" қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі:

"Қазақстанның ядролық қарусыздану және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саясаты бүкіл әлемге үлгі боларлық нақты мысал. Орталық Азияның ядролық қарудан азат аймаққа айналуына ықпал етті және әлемдегі ең ірі уран өндірушілердің бірі ретінде бейбіт ядролық энергия үшін барлық бастамаларды қолға алды. Соның ішінде Бейбіт ядролық энергия банкін құруды қолдады. Қазақстанның аймақтағы рөлін жаһандық деңгейге шығару және Қазақстанды үлгі ету ядролық қарусыз әлем туралы көзқарасты жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады."