Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Жолдау сағат 11:00-де республикалық телеарналарда тікелей эфирде, сонымен қатар Ақорданың ресми сайтында көрсетіледі.