Тоқаев Мирзиеёвке құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевті және Өзбекстан халқын  ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. "Халықтарымыздың түпкі мүдделерін, ғасырлар бойғы достық және тату көршілік дәстүрлерін негізге ала отырып, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға басымдық беремін. Біз ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, бауырлас халықтарымыздың өркендеуі және Орталық Азияның тұрақтылығы мен игілігі үшін көпжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін," – делінген жеделхатта.