Елімізде жаңа министрлік құрылады
Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мәлімдеді. Мемлекет басшысы елімізде Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажеттігін айтты. Жаңа министрлік аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне реформа жасалады. Сонымен қатар Президент суды үндемдеп пайдалану үшін Үкіметке көрші елдермен бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты пысықтауды тапсырды. Шаруалар мен өнеркәсіп өкілдеріне суға қатысты сапалы сараптамалар мен болжамдар керек. Бұл талдаулар әр жылы және орта мерзімді кезеңде судың мөлшері қандай болатынын да қамтуы қажет. Сондықтан бәрін алдын ала жоспарлаған жөн, деді.
ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті:
«Су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Жалпы біз трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады».