Президент әкімшілігінің құрылымы өзгерді
Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта жасақталды.
Енді, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ төрт бөлімі қысқарды. Жаңартылған құрылымға мына лауазым иелері кіреді: Президент Әкімшілігінің Басшысы; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы; Президент Кеңсесінің Бастығы; Президенттің көмекшілері; Кеңесшілері және Президент Әкімшілігінің бөлімдері. Қол қойылған Жарлыққа сәйкес: – ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша; – экономикалық мәселелер бойынша; – халықаралық мәселелер бойынша; – құқықтық мәселелер бойынша; және – ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.