Жаңадан тағайындалған министрлерді ауқымды жұмыс күтіп тұр
Енді жаңадан тағайындалған министрлерді ауқымды жұмыс күтіп тұр.
Олар өз саласын серпілту үшін үлкен өзгерістер жасауы тиіс. Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысын өткізіп, жолдауда жүктелген міндеттерді іске асыру мәселесін қарады. Атап айтсақ, инвесторларды салықтан босатып, қорғаныс, геология, IT және білім саласын дамыту бойынша тапсырмалар берді. Әсіресе жаңа министрліктерге, артылған жүк ауыр. Мәселен, Туризм және спорт министрлігі, туристік салада кемінде 15 ірі жобаның тіз-бесін айқындап, оларды іске асыру үшін, жол картасын әзірлеу керек. Ал жаңадан құрылған Көлік министр-лігінен, темір-жолдағы бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жедел-детуі талап етіледі. Оған қоса ведомства 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам, автомобиль жолын күрделі жөндеуі керек. Одан бөлек су саласына кешенді реформа жүргізіледі. Бұған Су ресурстары және ирригация министрлігі жауапты.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Негізгі міндеттердің бірі су саласына кешенді реформа жүргізу болмақ. Ол үшін жаңа Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Министрлік жұмысының негізгі басымдықтары су үнемдеудің озық технологияларын кеңінен пайдалану, трансшекаралық өзендердің ресурстарын бірлесіп басқару бойынша өзара іс-қимыл жасау, жаңа тарифтік саясат пен нормативтерді енгізу, заманауи су шаруашылығы инфрақұрылымын салу болады.