Жолдау – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауы демократиялық дамудың жаңа кезеңін айқындайды.
Павлодарлық саясаттанушылар осындай пікірде. Олардың айтуынша, осы уақытқа дейін қолға алынған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнады. Тиімді жұмыстардың арқасында елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы орнықты. Ендігі мақсат – халық үніне құлақ асатын мемлекет құру. Бұл бағыттағы шаралар нәтижелі болса, елде демократияның жаңа кезеңі басталады. Сала мамандары біртұтас қоғам тұжырымдамасы іске асқанда ғана әділетті Қазақстан тұжырымдамасы қалыптасады деген ойда. Бұл өз кезегінде демократиялық дамуға оң септігін тигізеді.
Борис Поломарчук, саясаттанушы:
- Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жауаптыларға тапсырма беріп қана қоймай, оны орындау мерзімін де нақты айтты. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған ауқымды жобалар үш жыл ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Яғни нақты тапсырма бар, нақты мерзім де айқындалды. Сонымен қатар, Жолдауда әр мәселе салалық министрдің жауапкершілігінде болатынын жеткізді.