Шымкент қаласының әкімі ауысты
Сондай-ақ Шымкентте де әкім ауысты.
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов лауазымынан босатылды. Ол бұл шаһарды 2020 жылдан бері басқарған болатын. Енді оның орнына Ғабит Сыздықбеков келді. Ол бұған дейін Премьер-министр Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары лауазымында болған.