А.Б. Шахаров Ақтөбе облысының әкімі болды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол бұл өңірді 2022 жылдың тамызынан бері басқарған еді. Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары қызметін де атқарған.
Ералы Тоғжановтың орнына енді Ақтөбе облысын Асхат Шахаров басқарады. Ол бүгін Президенттің Жарлығымен осы лауазымға тағайындалды. Бұған дейін Асхат Берлешұлы Ақтөбе қаласының әкімі, Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарған болатын.