Президент ҚР Қарулы Күштері Бас штабының шұғыл кеңесін өткізді

Мемлекет басшысы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының шұғыл кеңесін өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында штаб бастығы Марат Құсайынов жалпы ахуал жөнінде баяндады. Кейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бейнебайланыс режимінде еліміздің қорғаныс әлеуетін арттыру үшін әзірленген шаралар туралы ақпарат берді. Ал «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, сондай-ақ Абай облысының әкімі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы жүктелген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады. Кеңес барысында Президент армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңыздылығына назар аударды.