Президент Е. Нысанбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты қабылдады.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ірі кәсіпорындардың шығындыларын азайту жөніндегі жоспардың іске асырылуын, сондай-ақ оған мониторинг жасау үшін автоматтандырылған жүйе енгізу ісін бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар министрге жаңа экологиялық заңнаманы жүзеге асыруға және табиғи ресурстарды сақтауға қатысты міндеттер жүктеді. Президент министрлікке қарасты ведомстволардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мен ұлттық парктердегі орман өрті ошақтарын ерте анықтау жүйелерін тез арада енгізу керектігін айтты. Ағаш отырғызуға қатысты бағдарламаны жүзеге асыру мен қоқыс полигондары мәселесін шешудің кешенді тәсілдерін әзірлеудің маңыздылығына назар аударды.