Орталық Азия елдері мен Қытай ынтымақтастығына 30 жыл толды
Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа биыл 30 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал «Бір белдеу, бір жол» жобасына 10 жыл толып отыр. Айтулы дата біздің елімізде аталып өтті. Бұл арнайы жоба – 5 мемлекет пен аспан асты елінің ортақ бағдарламасы. Ол арадағы ынтымақтастықтың нығаюына мол мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін екіжақты сауда көрсеткіші 100 есе артқан. Инвестиция көлемі де біршама өскен. Орталық Азия мен Қытай Республикасы бірлігі күніне Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин құттықтау хатын жолдады. Оны Мәдениет және ақпарат вице-министрі Эльдар Толғанбаев оқып берді.
Гүлнар Шаймергенова, Қытайды зерттеу орталығының директоры:
- Қазақстан бірінші болып өз мүмкіндіктерін ортаға салды. Инфрақұрылымдық дамуда жақсы бастамалар көтерді. Жалпы Орталық Азия елдерінің арасынан 10 жыл ішінде біршама жетістікке жетті деп айта аламыз.
Сун Сяофэн, Бейжің интеллектуалды орталығының бас редакторы:
- 2013 жылдан бері біраз қиындықты еңсердік. Бүгінгі күні үлкен жетістіктерге жеттік. Алдағы 30 жылға жоспар бар. Машина жасау, өндіріс, жасыл энергетика және әлеуметтік-экономикалық салаларға басымдық беретін боламыз.