Қазақстанның мұнай-газ саласына Қытай компаниясы серіктес болады
Қытайлық компания Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жобаның тең құқылы серіктесі болады.
Бұл туралы Премьер-министр мен Синопек компаниясының президенті Юй Баоцаймен кездесуі барысында мәлім болды.
Жиында Әлихан Смайылов, бұдан бұрын Синопектің тікелей қатысуымен еліміздегі маңызды жобалардың жүзеге асқанын атап өтті. Ал ендігі кезекте, ірі корпорация, «Полиэтилен» жобасы бойынша мұнай-газ химия өнеркәсібін дамытуға тең серіктесі ретінде өз септігін тигізеді.
Үкімет басшысы мұндай әрекет арқылы Президент Жолдауында қойылған міндеттердің бірі орындалатынын еске салды.
Бұдан бөлек, Синопек компаниясы, осы саладағы қазақстандық мамандардың кәсіби тағылымдамадан өтуі бойынша бастама көтерді.