Заң шығару саласындағы әріптестік
Конституциялық Сот пен заң шығарушы орган арасындағы өзара байланыста әлемдік тәжірибе маңызды рөл атқарады.
Шетелдік Конституциялық Сот Төрағаларымен кездесуде Сенат Спикері осылай деді. Кездесу барысында тараптар түрлі елдердің озық тәжірибелерін саралады. Судьялар демократияның басты шарты ретінде адам құқықтарын қамтамасыз ету жайына назар аударды. Мәулен Әшімбаев, сенаттың заң шығару қызметіне тоқталып, палатаның жұмысы Мемлекет басшысы жолдауда айқындап берген реформаларды сапалы іске асыруға бағытталғанын айтты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Біздің негізгі мақсатымыз Президентіміз айтқан Әділетті Қазақстанды құру. Осы әділетті Қазақстанды құру бағдарлама аясында Конституциямызға өзгерістер енгізілді. Олар ең алдымен билік тармақтары арасындағы теңгерімді күшейтуге бағытталды. Сондай-ақ осы конституциялық реформа нәтижесінде біздің саяси жүйемізде саяси бәсекелестік артып жаңа деңгейге шықты деп айта аламыз.