Албания Президентінің ресми сапары аяқталды
Байрам Бегайдың еліміздегі ресми сапары аяқталды.
Мемлекет басшысы Албания Президентін әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты. Бұл туралы Ақорданың телеграм каналы хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Албанияны Балқан түбегіндегі өте маңызды серіктес екенін айтты. Биыл елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.