Премьер-министр Қашағанда газ өңдеу қуатын арттыру қажеттігін атап өтті
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қашағанда газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа зауыттар құрылысын тездету қажет.
Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қашаған консорциумына акционер компаниялардың басшыларымен кездесу кезінде айтты. Кездесуде Консорциум қызметіндегі өзекті мәселелер, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және республиканың табиғатты қорғау заңнамасының сақталуы талқыланды.
Үкімет басшысы елімізді мұнай-газ ресурстарымен қамтамасыз етуде Қашағанның рөлі маңызды екенін атап өтті. Бұл тек өндіру операцияларына емес, сонымен бірге көмірсутек шикізатын кешенді өңдеуге де қатысты. Премьер-Министрдің айтуынша, консорциумның негізгі міндеті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, кен орындарын толық игеру мәселелері болуға тиіс.