Тәжікстандағы саммитте маңызды құжаттарға қол қойылды

Тәжікстанда өткен саммит қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.

Атап айтсақ, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбе мәлімдемесі; Тәжікстан Республикасының Қорға төрағалығының қорытындылары туралы мемлекет басшыларының шешімі; сонымен қатар қордың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі қызметі туралы құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі; сондай-ақ, Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы шешімдерге қол қойылды.