Президент Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады.
Мемлекет басшысы бұл ұйымның орны ерекше екенін атап өтті. «Олимпиада құндылықтарын дәріптеп, өскелең ұрпақты спортқа баулуға зор үлес қосып келесіздер. Өрендеріміз талай байрақты бәсекеде табысты өнер көрсетіп жүр. Олар Олимпиада ойындарынан, әлем біріншіліктерінен және Азия чемпионаттарынан ел қоржынына жүздеген жүлде салды. Саңлақтарымыздың есімі әлемдік спорт жылнамасына алтын әріппен жазылды. Еліміз қысқы Азия ойындарын, Бүкіләлемдік универсиаданы, әлем және құрлық чемпионаттарын жоғары деңгейде өткізіп, жаһан жұртшылығының лайықты бағасын алды. Халықаралық олимпиада комитетімен және басқа да беделді ұйымдармен ықпалдастықты нығайта береміз», - деді Президент.