Президенттің Нью-Йорктегі жұмыс сапары басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды.

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сонымен қатар «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатыспақ.

Сапар барысында Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған.