Президент Citigroup компаниясының басшысымен кездесті

Ақорда

Қазақстан көлік-логистикасының әлеуетін арттыруға тағы бір америкалық холдинг ниет білдіріп отыр.

Атап айтсақ, Citigroup бірқатар жобаны қаржыландыруға дайын. Бұл жоспарды компанияның бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен кездесуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Әңгімелесу барысында қаржы холдингінің елдегі қызмет аясын кеңейту перспективасы талқыланды. Сонымен қатар макроэкономикалық болжамдар мен әлемдік қаржы нарығындағы негізгі үрдістер айтылды. Одан бөлек, кездесу аясында «Қазақстан темір жолы» мен Citibank арасында Wabtec локомотивтерін сатып алу үшін қаржыландыруды ұйымдастырудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды.