Саяси қуғын-сүргін құрбандарының архив картасы жарияланды
Елде саяси қуғын-сүргін құрбандарының 2,4 миллионнан астам мұрағаттық картасы жарияланды.
Яғни ол 1929-1956 жылдар аралығындары қуғынға ұшырағандардың карточкалары. Қазір 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент мұрағатына өткізілді. Ал 265 мыңы жыл соңына дейін тапсырылады. Олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады. Бас прокуратураның мәліметінше, 311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталған.