Қазақстан БҰҰ әскери бақылаушыларын дайындауды бастады

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік операциялар орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымының әскери бақылаушыларын дайындау бойынша пилоттық курс басталды.

Шара Алматыдан 40 шақырым жердегі әскери полигонда болып жатыр. Бағдарламаны қазақстандық мамандар әзірледі. Бұрын БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысатын біздің әскерлеріміз шетелде дайындықтан өтетін. Курстың ерекшелігі неде?

Гүлжан Көленқызы, тілші